Танымал әзілкеш Нұрлан Қоянбаев белгілі бір кеште өзінің қолындағы IPhone маркалы телефонын көрерменге сыйлай салды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Intelligentno Qu жобасында қонақта болған Нұрлан Қоянбаев залда отырған бір қызға IPhone телефонын сыйға тартты. Бұл сыйлықты берудің негізгі шарты – Нұрлан Қоянбаев бастапқыда ең жақсы әзіл айтқан комикке бергісі келген. Алайда залдан бір қыз "маған беріңізші" деген соң, еш ойланбастан, сол қызға осы телефонды сыйға тартты.