Белгілі әнші Айгүл Иманбаева мен әртіс Сәбит Әбдіхалықов ұлдары Асылжаннан көрген тұңғыш немересі Айсұлудың тұсаукесер тойын жақында дүркіретіп атап өткен еді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Осы тойда сөз кезегін алған Сәбит Әбдіхалықов экс-жұбайы Айгүл Иманбаеваға қарата әзіл айтты.
"Айгүлді мама деймін. Бұл маған мамам сияқты ұрсады ғой. Тойда дұрыс сөйле, дұрыс жүр, бірдеңені бүлдірме дейді", – деп әзілдеді.
Ал осының ізін ала асабаның "Америкадағы кім болады сізге?" деген сұрағына Сәбит Әбдіхалықов: "Папам ғой ол", – деп жауап берді.