Белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов қыздарына қатысты отбасындағы бір ережені жария етті. Бұл туралы оның жары Мөлдір Мұқанова Динара Сәтжанға берген сұхбатында айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Мөлдір Мұқанованың айтуынша, Тұрсынбек Қабатов қыздарының құлағын тек сырға салу рәсімінде тестіруге рұқсат берген.
"Құдалар келіп өздері сырға салады. Бұл дәстүр қазақта бар ма, жоқ па білмейміз. Тұрсынбек бабамыз шығарған", – деді әзілмен Мөлдір Мұқанова.
Айтуынша, бұл шешімге қыздары да қарсы емес. Олар әкелерінің айтқанына бағынып, бүгінге дейін құлақ теспеген.
Алайда бұл пікір әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, түрлі пікірлер тудырды. Кей оқырмандар бұл тыйымды қазақтың дәстүрімен байланыстырмай: "Тұрсынбек қызық екен, қайдан тапқан ондай ырымды?", "Папаларыңа ақыл айтатын адам керек сияқты","Одан да кеудені жабуды үйретсін", – деген пікірлер қалдырды.