Еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады.
Жаңбыр, бұршақ жауады: 16 шілдеге арналған ауа райы болжамы
Фото: istockphoto.com
2,761
оқылды

16 шілдеде еліміздің басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Қазгидромет синоптиктерінің болжамы бойынша, еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, еліміздің батысында, солтүстігінде және шығысында күндіз бұршақ жаууы мүмкін, солтүстікте дауыл соғады.

Елдің қалған аумағында антициклон жотасының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, республика бойынша жел күшейеді деп болжанып отыр.

Атырау, Алматы, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау облыстарында, сондай-ақ Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Абай облыстарында күндізгі аптап ыстық 35 - 39°C дейін жетеді.

Түркістан мен Қызылорда облыстарында күндіз 39-40°C ыстық болады.

Маңғыстау облысында күндіз 37-42°C аралығында қатты ыстық болады.

Батыс Қазақстан, Ұлытау, Атырау облысының оңтүстігі, Қостанайдың оңтүстік-шығысы, Ақтөбе облысының солтүстігі, батысы мен шығысы, Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысы, Ақмола облысының батысы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі болжанып отыр.

Маңғыстау, Қызылорда, Түркістан, Алматы облыстарында, Жетісу облысының оңтүстік-шығысында, Жамбыл облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында, Атырау облысының солтүстігі мен шығысында, Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде, Ақтөбе облысының орталығы, оңтүстігі, Қостанай облысының оңтүстік-батысы, Абай және Ұлытау облыстарының орталығы, оңтүстігі мен шығысында ерекше жоғары өрт қаупі бар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.