Ерғали Сисенғалиұлы 1983 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген.
Ақтау қаласы әкімінің орынбасары тағайындалды
Фото: Ақтау қаласы әкімдігі
639
оқылды

Ақтау қаласы әкімінің коммуналдық шаруашылық жөніндегі жаңа орынбасары тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақтау қаласы әкімінің орынбасары лауазымына Ерғали Скендиров тағайындалды. 

Қала әкімдігі баспасөз қызметі мәліметінше,  Ерғали Сисенғалиұлы 1983 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданында дүниеге келген. 

2006 жылы Астана қаласы «Тұран - Астана» университетінде заңгер мамандығы бойынша жоғарғы оқу орнын аяқтаған. 

Еңбек жолын 2007 жылы Астана қаласы «Резерв» Мемлекеттік Республикалық мекемесінің іс жүргізуші-заңгері эксплуатация бөлімінің басшысы және «Автоматика» филиалы мекемесінің эксплуатация бөлімінің басшысы болып бастаған. 

2009-2014 жылдар аралығында Ақтау қаласы «Нұр-Отан» ХДП Маңғыстау облыстық филиалының заңгер-консультанты және ұйымдастырушы-бақылау бөлімінің партиялық бақылау жөніндегі инспекторы болды. 

2015-2020 жылдары «Өмірзақ ауылы әкімі аппараты ММ-нің инспекторы, ауыл әкімінің орынбасары лазауымдарын атқарды. 

2020-2021 жылдар аралығында – Ақтау қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлім басшысы. 

2021-2022 жыл: Каспий «әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ кеңесші қызметін атқарды.

 2022-2023 жылдары Бозашы Транс Құрылыс ЖШС-нің әлеуметтік сала бойынша қызметін атқарды. 

2023-2025 Ақтау қалалық сайлау коммиссиясының төрағасы Бүгінгі күнге дейін Маңғыстау облысының индустриалдық-инновациялық даму басқармасы инвестициялық саясат және индустриалдық-инновациялық даму бөлімінің бас маманы болып қызмет атқарды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.