TikTok-та Жарқын Дариға есімді қолданушы жариялаған видео желіде кең таралып жатыр.
«Қимылдап жатыр»: Magnum дүкеніндегі күріштің арасында құрт жүр (ВИДЕО)
1,014
оқылды

Видеодағы жағдайға байланысты желі қолданушылары дүкеннен түсініктеме беруді әрі шұғыл тексеріс жүргізуді талап етіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

TikTok-та Жарқын Дариға есімді қолданушы жариялаған видео желіде кең таралып жатыр. Ол Magnum супермаркетінде тұрған күріш қаптамасынан тірі құрттардың қозғалып жатқанын көрсеткен.

Қыздың айтуынша, ол бұл дүкенге алғаш рет келіп тұрған және көргеніне қатты таңғалған. Бейнежазбада «Айдони» маркалы күріштің мөлдір қаптамасының ішінде ұсақ құрттардың жыбырлап жүргені анық байқалады.

– Бұл не сұмдық? Magnum-ға бірінші рет келіп тұрмын – міне, көргенім осы. Қараңыздаршы, олар шынымен қимылдап жатыр. Қатты қорқып кеттім, – дейді видео авторы.

Жарқын сондай-ақ, бұл күрішті өндіретін компания балалар ботқасын да шығаратынын атап өтті.

– Олар балалар ботқасын да шығарады екен! – деп ашуланды қыз.

Видео астындағы пікірлерде көптеген желі қолданушылары дүкен әкімшілігінен бұл жағдайға байланысты шұғыл түсініктеме беруді әрі тексеріс жүргізуді талап етіп отыр.