Әлеуметтік желіде жазба жариялады.
«Алла аузыма салғандай...»: Сәкен Майғазиев сүйінші жаңалығын жеткізді
Фото: ашық дереккөз
5,755
оқылды

Әнші Сәкен Майғазиев халықаралық «Славян базары» байқауында бас жүлде алған қазақ қызын құттықтады, – деп жазды Aikyn.kz.

«Сүйінші! Грант при! Қазақстан! Алмагүл Батталиева Халықаралық «Славян базары» байқауында бас жүлдені қанжығасына байлады! Өте қуаныштымыз! Кеше ғана Алла аузыма салғандай «Мынадай орындаушылық шеберлікпен бас жүлде біздікі болу керек» деп едім. Тағы айтайын, әулиелігім жоқ. Алмашка, әлем мойындаған әнші бол, алтыным! Қазақстанның, Т.Жүргенов атындағы Қазақ Ұлттық өнер академиясының жалауын желбірете бер», - деді әнші. 

Айта кетейік, Алмагүл Батталиева екі күнге созылған байқауда 137 ұпай жинап, көрермен қошеметіне бөленді. Өнерімен қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.