Төтенше жағдай министрлігінің әскери қызметкерлері Талғар ауданындағы Маралсай шатқалында құлап кеткен әйелді тапты, - деп хабарлайды Аikyn.kz.
Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, оларға қарасты 28237 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында механикаландырылған патруль бағытымен келе жатып, шатқал ішінде көмекке шақырған дауысты естіп қалған.
“Патрульдеу кезінде көмекке мұқтаж адам анықталды. Белгілі болғандай, 1986 жылы туған әйел абайсызда жардан құлап кетіп, өз бетімен шыға алмаған. Кезекші жасақтың күшімен зардап шеккен әйел құтқарылып, келген жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды”, – делінген хабарламада.
Әйелдің өміріне қауіп төнген еді. Ал құтқарушылар қауіптің алдын алды.