Оған әлемнің түкпір-түкпірінен келген балет жұлдыздары қатысты. Іс-шара аясында екі ауқымды гала-концерт өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Оған Нидерланд, Шотландия, Филиппин, Украина, Италия, Жапония және Индонезияның жетекші хореографиялық ұжымдары қатысты.
Фестивальға Қазақстан атынан Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының мақтаныштары Жанель Түкеева мен Богдан Вербовой қатысты.

Әртістер «Дон Кихот» балетінің үшінші актісінен Pas de Deux қойылымын орындап, көрермен көңілінен шықты. Отандық өнерпаздардың кәсіби шеберлігі, сахналық образы көпшілікке ерекше әсер етіп, кештің көркін кіргізді. Қазақстан балет мектебінің әлемдік деңгейдегі кәсіби шеберлігі тағы бір рет мойындалды.

Indonesian Ballet Gala 2025 фестивалі өнердің түрлі мәдениетті біріктіріп, миллиондаған адамға шабыт сыйлай алатынын дәлелдеді.