Алматыда тауда жүріп, жоғалып кеткен жасөспірім өлі күйінде табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Lider.kz еріктілері мәлімдеді.
Қаза болған. Табылды. Марқұмның туыстары мен жақындарына қайғырып, көңіл айтамыз, – делінген еріктілер жариялаған хабарламада.
Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі жоғалған жасөспірімнің мәйіті табылғанын растады.
Денесінен зорлық-зомбылық белгілері табылмады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, – деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
Еске салайық, 18 жастағы Ақылбек Нұрислам 2 шілдеде жоғалып кеткен еді. Туыстарының айтуынша, ол тауға кеткен. Соңғы рет оның телефоны Үлкен Алматы шатқалы маңында тіркелген.