2025 жылдың басынан бері Біріккен Араб Әмірліктеріне 63 млрд доллар байлығы бар 9,8 мың миллионер көшіп барған, – делінген Henley Private Wealth Migration Report баяндамасында.
Одан кейін байлар ең көп қоныс аударатын елдер қатарында АҚШ (43,7 млрд доллар, 7,5 мың миллионер), Италия (20,7 млрд доллар, 3,6 мың адам).
Үздік бестікке бұлардан бөлек Швейцария (16,8 млрд доллар, 3 мың адам) мен Сауд Арабиясы (18,4 млрд доллар, 2,4 мың адам) кірді.
Ал байлар көшіп кетіп жатқан елдер бестігіне Ұлыбритания (-16,5 мың миллионер, 91,8 млрд доллар), Қытай (-13,5 мың, 55,9 млрд доллар), Үндістан (-4,3 мың, 26,2 млрд доллар), Оңтүстік Корея (-1,2 мың, $15,2 млрд) және Ресей (-1,5 мың, 14,7 млрд доллар) енді.