Әділет министрлігінің өкілі коллекторлар қызметінің жауапкершілігі күшейетінін тілге тиек етті.
Ауыр қылмыс үшін мерзімінен бұрын босату шарты өзгермек
621
оқылды

Бұл туралы орталық коммуникациялар алаңында айтылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты kaz.inform.kz сайтына сілтеме жасап.

- Қылмыстық-атқару заңнамасында ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін шартты мерзімнен бұрын босату, мерзімді есептеу және жазасын өтеудің қатаң шарттарына өзгерістер енгізіледі. Бұл дегеніміз Қылмыстық кодекстің 72, 73 және 79 бабы. Аталған шара адам өмірі немесе денсаулығына қарсы қылмыстарға қатысты құқықбұзушылық жасағандар үшін жазаны күшейтуге бағытталған, – деді Думан Сүлейменов орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан бөлек Әділет министрлігінің өкілі коллекторлар қызметінің жауапкершілігі күшейетінін тілге тиек етті.

- Коллекторлардың қызметін теріс пайдалану жайттары бойынша, яғни қарызды өндірудің заңға жат тәсілдерін қолдану, қаржылық қызмет тұтынушылардың құқығын бұзу және өзге де әрекеттер үшін жауапкершілік қатаяды (Қылмыстық кодекстің 251, 252-баптары). Қазір 214 және 223-бабы коллекторларды ірі залал келтіру жағдайында ғана жауапқа тартады. Коллекторлар құзыретін жеке пайдасына немесе үшінші тұлға пайдасына асыра қолдануы, қоғамға төнген қауіп. Сондықтан коллекторлық агенттік қызметкерлерінің мансабын асыра пайдалану әрекеттеріне қылмыстық жауапкершілік енгізу ұсынылады, – деп толықтырды ведомство өкілі.