Ауыр жарақаттың кесірінен бала оқиға орнында көз жұмған.
«Жолды кесіп өткісі келген»: Маңғыстауда 10 жасар қыз көз жұмды
764
оқылды

Қайғылы жағдай күні кеше сағат 17:30 шамасында болған. Ақтау-Маңғыстау облысы бағытында қатынайтын автобус жүргізушісі 10 жасар қыз баланы қағып кеткен, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ауыр жарақаттың кесірінен бала оқиға орнында көз жұмған.

"Осы оқиғаға байланысты автобус жүргізушісіне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі бойынша ("Көлік құралдарын жүргізу немесе пайдалану қағидаларын бұзу, абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет") сотқа дейінгі тергеу басталды. Көлік құралы тәркіленіп, айыптұраққа қойылған", – деп хабарлады облыстық полиция.

Қыз баланың реттелмейтін жаяу жүргінші өткелі арқылы жолды кесіп өтпек болғаны анықталған.