KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 0,61 теңгеге арзандады.
Бүгін доллар бағамы сәл арзандады
1,282
оқылды

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 518,97 теңге. 

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 520 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы  518 теңге. Еуро сатып алу бағамы  607 теңге, сату құны 611 теңге.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы  522 теңге, сатып алу құны 516 теңге. Еуро 605 теңгеден сатып алынып, 612 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,50-6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 9 шілдеге ұсынған ресми бағамы бір долларға 519,58 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны 6,63 теңге. Еуро  609,36 теңге.