Жаһан Отарғалиев досына қатты қызыққанын айтып, Құдайдан үмітін үзбейтінін де жасырмады.
«16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз»: Жаһан Отарғалиев сәби сүйгісі келетінін жасырмады
qaz365.kz
4,178
оқылды

Белгілі әзілкеш, әртіс, продюсер Жаһан Отарғалиев 9 жылдан кейін әке атанғалы жатқан блогер Елдос "Колобокты" құттықтап, өзі де 16 жылдан бері сәби аңсап жүргенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жаһан Отарғалиев досына қатты қызыққанын айтып, Құдайдан үмітін үзбейтінін де жасырмады.

«Елдос үшін қуаныштымын. Видеосын бәріміз көрдік, жыладық. Қандай керемет сезім. Енді үмітімізді үзбейміз, Алла нәсіп етсе. 16 жыл күттік, тағы да сәл шыдаймыз. Алла береді ғой. Мен Елдос бауырым үшін қуаныштымын. Үнемі бір-бірімізге қолдау көрсететінбіз. Алланың берері көп болсын. Колобокке қызығып, менде де болса екен деп гендер патидің идеясын жазып тастадым. Дәл қазір баласы бар жандар, шүкір қылайық. Өмірде отбасынан артық не бар?! Ақша, байлық келеді, кетеді. Мәселесі жоқ адам жоқ. Маған да көп адам жазып жатыр. Сені танымайтын, бірақ сен үшін дұға жасайтын жандардың барына Аллаға шүкір. Алла қаласа, бізде де жаңалық болады. Мен сенемін Аллаға»,  дейді ол.

Желі қолданушылары Жаһан Отарғалиевке қолдау білдіріп, оны жұбатып жатыр.

«Сол видеоны көргенде бірден есіме сен түстің. Сен үшін дұға жасадым. Жұғысты болсын», «Сізге де әке атану бұйырсын», «Халық болып сіз үшін дұға жасаймыз. Егіз ұлдың гендер патиы болсын»,  деп жазды олар.