Мемлекет басшысының өкімімен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры тағайындалды

Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Мемлекет басшысының өкімімен Нұржан Маратұлы Құсайынов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің директоры лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.