"Көңілім орнында": Алтынай Жорабаева тойға қалай дайындалып жатқанын айтты (видео)

Өнер иесі қыз баланың тәрбиесіне қатысты пікір білдірді.

Әнші Алтынай Жорабаева қызын ұзатуға дайындалып жатқанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі қыз баланың тәрбиесіне қатысты пікір білдірді. Сонымен қатар болашақ құдаларымен кездесіп, қызына қатысты өтінішін білдірген.

«Қыз ұзатайын деп отырмын. Қыз берген оңайырақ сияқты. Болашақ құдағиларыма кездескенде «Менің барынша берген тәрбиемді ары қарай алып кетесіздер! Жақсысын асырасыздар, жаманын жасырасыздар» деп айттым. Көпшілік менің үйде банка жауып жүргенімді көріп, қыздарым да пысық шығар деп ойлайды екен. Жоқ, қыздарым тура мен сияқты емес. Қызымды сұрағандарға «үйіңе барып, банка жауып береді деп күтіп отырасыз ба?» деймін. Жоқ. Маған да әке-шешем ештеңе үйреткен жоқ. Олар өздері жұмысын атқарып жүрді. Ал біз оларға қарап үйреніп, іліп алып кеттік. Тұрмысқа шыққаннан кейін автоматты түрде істеп кеттік. Менен туған қыздар алғыр болады деп ойлаймын. Өзім де байқаймын. Қызымның қолынан келмейтіні жоқ. Сондықтан көңілім орнында», - деді ол.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.