Композитор, әнші, марқұм Арман Дүйсеновтің жақындары желіде жантебірентер жазба жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Сазгердің балалары туған күніне орай әкесіне деген сағынышын жеткізген.
«Кеше біздің әкеміздің, Арман Дүйсеновтің туған күні болды. Ол арамызда болмаса да, үні де, күлкісі де, артында қалдырған ізі біздің жүрегімізде тірі. Көпке – дарын иесі, композитор, қазақ музыкасына өмірін арнаған жан. Бізге – әке, тірек, үйдің берекесі. Бүгін де оны үнсіз еске аламыз. Құрметпен. Алғыспен. Сағынышпен», - деп жазды сазгердің отбасы.
Айта кетейік, танымал әнші-сазгер Арман Дүйсенов 2023 жылы қаңтарда 49 жасында дүниеден озды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.