"Қазгидромет" РМК 8-10 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Синоптиктердің болжамы бойынша, ел аумағында атмосфералық фронттар өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады.
9 шілдеде жаңбыр елдің солтүстігін қамтиды. 10 шілдеде жауын солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыс өңірлерге таралады. Кей жерлерде қатты нөсер, бұршақ және шквалды жел күтіледі.
Батыс өңірлерде антициклон әсерінен ашық, құрғақ ауа райы сақталады.
Синоптиктердің мәліметінше, көптеген аймақта желдің күшейеді. Ал солтүстік өңірлерде түнгі және таңғы уақытта тұман болуы мүмкін.
Температуралық көрсеткіштер:
• Солтүстікте:
– Түнде: +7…+15°C
– Күндіз: +20…+27°C
• Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста:
– Температура біртіндеп төмендейді
• Батыс пен оңтүстік-батыста:
– Аптап ыстық сақталады:
Күндіз: +35…+41°C,
• Солтүстік-батыста: +38°C дейін
Жаздың ортасында Қазақстанда контрасты ауа райы жиі байқалады. Бір өңірде жауын-шашын мол түссе, екінші өңірде аптап ыстық болады. Мұндай құбылыстар ауыл шаруашылығына, техникалық инфрақұрылымға және адам денсаулығына әсер етуі мүмкін. Сондықтан мамандар табиғи құбылыстарға дайын болуды, жолда абай болуды және далада ұзақ жүрмеуді ескертеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.