Құтқарушылар сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті.
Тауда жарақат алған кореялық азаматқа құтқарушылар көмекке келді
602
оқылды

Үлкен Алматы көлі маңында рейд жүргізіп жүрген ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының мамандары тау өзенінің бойында жар шетінде жатқан ер адамды байқап қалды.

Белгілі болғандай, 1993 жылы туған Оңтүстік Корея азаматы электровелосипедпен серуендеу кезінде қиын жер телімінде басқаруды жоғалтып, құлап кеткен. 

Құтқарушылар жартасты қиын жолмен жүріп, жарақат алған адамға жетіп көмектесті. Олар сол жерде алғашқы медициналық көмек көрсетті. Ауруханаға барудан бас тартты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз