Қалибек Қуанышбаев атындағы Қазақ ұлттық музыкалық драма театры кішкентай көрермендерге арналған «Құмқала» қиял-ғажайып ертегісінің премьерасын ұсынады.
«Құмқала» қиял-ғажайып ертегісін сахналайды
Фото: istockphoto.com/ru
1,204
оқылды

Спектакль «Мыстан кемпірдің жұмбағы» халық ертегісі мен М.Сембайқызының «Уақыт жайлы ертегі» желісі бойынша сахналанған. Сахналық нұсқасының авторы әрі қойылым жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина. Қойылым бойынша кеңесші – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Гүлмина Миргалиева. Қоюшы суретші – Ерзат Асқаров. Киім суретшісі – Ақбота Қапсалаң. 

«Құмқала» ертегісі – бүгінгі ұрпақтың уақытпен қарым-қатынасын бейнелейтін сахналық қойылым. Батыр есімді баланың түс арқылы өткен мен болашақ, ойын мен өмір, жауапкершілік пен таңдау арасындағы саяхаты көрерменге уақыттың қадірін терең сезінуге мүмкіндік береді. Бұл – технологияның тасасында қалып бара жатқан шынайы құндылықтарды еске салатын философиялық ертегі.

Қойылымның актерлік құрамы: Ақжол Мамыр, Нұрахмет Серікбаев, Мәдениет саласының үздігі Аманжол Молдахмет, Мәдениет саласының үздігі Бақытгүл Батырханова, Әли Қалдар, Біржан Жүнісов, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі Жанат Чайкина. 

Қойылым 6 шілде күні сағат 11.00-де басталады.