Өзін пошта қызметкері ретінде таныстыратын алаяқтарды қалай анықтаймыз?
Алаяқтық кредиттерді рәсімдеуден қалай қорғануға болады?
Фото: iStock
1,662
оқылды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «Қазпошта» АҚ-ның атын пайдалана отырып жасалатын алаяқтық жағдайлары туралы ескертті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

  Алаяқтық схемасына мынадай әрекеттер кіреді:

  1. Азамат "Қазпоштадан" хат немесе сәлемдеме жеткізу туралы ақпараты бар SMS-хабарлама алады.
  2. Осыдан кейін абоненттің WhatsApp мессенджеріне "Қазпоштадан" қоңырау шалынады.
  3. Мекенжайды нақтылау немесе жеткізуді растау керек деген сылтаумен азаматтардан SMS-ке келген кодты айтуды сұрайды.
  4. Кодқа қол жеткізген соң шабуылдаушылар оны жеке деректерді алу немесе жәбірленушінің атына онлайн кредит ресімдеу мақсатында қосымшаларға немесе қызметтерге кіру үшін пайдаланады.

Өзіңізді қалай қорғауға болады:

Қоңырау шалушы ресми ұйымның қызметкері болып көрінсе де, SMS-пен келген растау кодтарын ешқашан бермеңіз. Белгісіз адамдар жіберген хабарламалар бойынша сілтемелерге өтпеңіз. Телефон арқылы дербес деректерді, банк картасының нөмірін және CVV-кодты бермеңіз. Сонымен қатар мессенджерлер арқылы бейтаныс нөмірлерден келген қоңырауларға сақ болыңыз.

Барлық ақпаратты ресми арналар – сайт немесе мобильдік қосымша арқылы екі рет тексеру қажет. Алаяқтық белгілері анықталған жағдайда, дереу құқық қорғау органдарына жүгіну керек. Алаяқтық кредиттерді ресімдеуден қорғану үшін eGov.kz порталында немесе eGov mobile мобильдік қосымшасында банктік қарыздар мен микрокредиттерді алудан ерікті түрде бас тартуды белгілеу ұсынылады. Бас тартуды азамат кез келген уақытта сол ресми ресурстар арқылы алып тастай алады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.