Желі қолданушылары әншінің бұл өнерін жоғары бағалады.
«Сен менің білмейсің ғой қадірімді...»: Тоқтар Серіков әсерлі видео жариялады
3,226
оқылды

Әнші Тоқтар Серіков әлеуметтік желідегі парақшасында әсерлі видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz. 

Онда әнші сахнада махаббат туралы өлең жолдарын оқып тұрғанын көруге болады.

«Сен менің білмедің қадірімді.

Мен саған таға алмаймын қазір мінді.

Егер де мен өмірден ғайып болсам

Қопарып іздеп жүрме қабірімді,

Сен менің білмейсің ғой қадірімді...», - дейді әнші.

Желі қолданушылары әншінің бұл өнерін жоғары бағалады.

«Сіздің қадіріңізді білмей жүрген қандай қыз, Құдай-ау», «Бәрекелді», «Мықты өлең!», «Бала махаббатты жырға қосып тұрып, өмірінде алғаш рет ғашық болып тұрған баладай болды-ау Тоқтар ағам. Қалтасына қолын мың салып», деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.