Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңадан алған үйін көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Өнер иесі жөндеу жұмыстарын жүргізу оңай емес екенін айтты.
“Жалғыз емеспін ғой, бөпеміз екеуміз әйтүп-бүйтіп бітіріп жүрміз. Бірақ үнемі солай болған. Тек осы жолы сыртымда – төртеу, ішімде – біреу. Әрине, жүкті әйелге құрылыспен жүру оңай емес. Бірақ балаларға жауапкершілікті өз мойныңа алған кезде ештеңеге де, ешкімге де қарайламайды екенсің! Оның үстіне өсіп қалған балаларың барда, еріксіз өзіңді қамшылайсың да, тек алға қарай жүресің! Бұл да өтеді..." – деп жазды актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.