Сот жабық түрде өтті.
Павлодарда көпбалалы әке 8 жыл бойы өгей қызын зорлап келген
istockphoto.com
426
оқылды

Павлодарда өгей қызын зорлаған ер адам 23 жылға сотталды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

Ер адам Қылмыстық кодекстің «зорлау» және «кәмелетке толмағандарға қатысты күш қолдана отырып немесе күш қолдану қаупін төндіріп, жәбірленушінің дәрменсіз жағдайын пайдаланып жасалған жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері» айыптары бойынша сотталды. Оған 23 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қазір ол колонияға жіберілді.

Сондай-ақ сотталушы моральдық зиян үшін сегіз миллион теңге өтемақы төлеуі тиіс. 

Сот ісінде көрсетілгендей, ер адам қызды алғаш рет сегіз жасында (2017 жылы) зорлаған. Ол кезде әлгі азамат анасымен кездесіп жүрген. Кейін екеуі заңды некеге отырып, отбасы Майқайың ауылына көшкен.

Соған қарамастан ол баланы қорлауды тоқтатпаған.

Сотталған адам төрт кішкентай баланың әкесі, ұсталғанға дейін Павлодар облысындағы алтын өндіретін кәсіпорында слесарь-жөндеуші болып жұмыс істеген. Үкім заңды күшіне енген жоқ.