Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды

Мемлекет басшысы Астанадағы АӨСШК штаб-пәтеріне барды
Бұл туралы Ақорда ресми хабарлады.

Президент елордада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі (АӨСШК) штаб-пәтерінің ашылу рәсіміне қатысты– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

AMP

Қасым-Жомарт Тоқаев пен АӨСШК бас хатшысы Қайрат Сарыбай Ұйымның негізгі кеңсесіндегі ескерткіш тақтаны салтанатты түрде ашты.

AMP

Содан кейін Құрмет қарауылы ротасы АӨСШК туын көтерді.

Мемлекет басшысы жаңа штаб-пәтердегі жұмыс кабинеттерін, open space аумағын, аудармашылар кеңсесін, төрағалық залын және музей-кітапхана бөлмелерін аралап көрді.