Бұл дерек қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.
Ақнәр Хамиттің жұмбақ өліміне қатысты тағы тың дерек шықты
1,380
оқылды

Елдегі танымал блогер Жан Ахмадиев марқұмның терезеден құлаған сәтінің бейнежазбасына сараптама жасатқанын айтып отыр– деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Блогердің айтқан сөзіне сенсек, бейнематериал Қытай полициясында қызмет ететін маманға көрсетілген. Инфрақызыл жарықпен жасалған талдау нәтижесінде Ақнәрдің артында бір бойжеткеннің тұрғаны анық көрінген.

"Жаңа видеожазбалар мен сараптамалар Рано мен Дидарға деген күдікті күшейтті. Ақнәрді біреу итеріп жібергені инфрақызыл талдауда нақты байқалады. Бұл енді жорамал емес, шындыққа жақын дәлел. Рано мен Дидар, әлі де кеш емес. Анасының алдында тізе бүгіп, кешірім сұраңдар. Ақнәрдің рухы тынышталсын", – дейді Жан Ахмадиев өз парақшасында.

Бұл дерек қазір әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Көпшілік әділ тергеу мен кінәлілердің жауапқа тартылуын талап етеді.