Петропавлда автобус кондукторы «жол полициясы» жилетін кигені үшін айыппұл арқалады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Автобус кондукторына «Жол полициясы» жилетін кигені үшін айыппұл салынды
баспасөз орталығы
864
оқылды

 

Қалаішілік автобуста кондуктор болып жұмыс істейтін келіншек полицияның құрал-жабдығын заңсыз пайдаланғаны үшін жауапқа тартылды. Петропавлдың әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты оған айыппұл салды.

Сотта Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 675-бабы 1-бөлігі бойынша Әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс қаралды.

– Сот талқылауы барысында 2025 жылдың 20 маусымында маршруттық автобуста азаматша Б. ішкі істер органдарының рәмізі бар арнайы нысанды, атап айтқанда «Жол полициясы» деген жилетті заңсыз кигені үшін ұсталды, деп хабарлайды Петропавл әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған соттың баспасөз қызметі.

Сот Б.-ны әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп тауып, ішкі істер органдары қызметкерінің рәмізімен арнайы киім-кешек тәркіленіп, 19 660 теңге көлемінде айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды. 

 Қаулы бірден заңды күшіне енді.