Айтуынша, қазақтар сиырдың етін кедейдің асы деп санаған екен.
"Қазақтар бұрын сиыр етін жемеген": Тарихшы қазақ халқының өмір салты туралы айтып берді
istockphoto.com
506
оқылды

Танымал тарихшы Ахмет Тоқтабай қазақ халқы бұрын сиыр етін жемеген айтты. Ол бұл туралы Qalam.global.qaz жобасына сұхбат беріп, қазақ халқының өмір салты туралы күтпеген мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оның айтуынша, XIX ғасырдың соңында, XX ғасырдың басында орыстар қазақ жерін зерттеген. Соған байланысты экспедициялар көп жүргізілген. Сол мәліметтерден қазақтың байығанын, ауқаттанғанын көруге болатынын жеткізді. 

– Ол бірінші қысқа, соғымға жылқы сояды міндетті түрде. Содан кейін жай ат мінбей, жорға ат мінеді. Қазақ көп қымыз ішеді. Қазақтың бай, ауқатты екені осы факторлардан байқалады, – дейді Ахмет Тоқтабай.

Айтуынша, қазақтар сиырдың етін кедейдің асы деп санаған екен. 

– Сосын қазақ сиырды кедейдің асы дейді. «Говядина пища бедных» деп ашық жазған. Себебі қазақ сиырдың етін аса көп жемейді ғой. Бұрын жемеген. Енді Совет үкіметі келгеннен кейін бәрін жейтін болдық. Сол заманда аз жеген. Негізінен жылқы, қой етін жеген. Сосын әрине түйе, – деді тарихшы.