Бұл туралы сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін дамыту, цифрландыру мен су үнемдеу технологияларын енгізу шаралары тақырыбында өткен Үкімет отырысында айтылды.
Қазақстанда ауыл тұрғындарының қанша пайызы сумен қамтамасыз етілген?
Фото: primeminister.kz
436
оқылды

Бүгінгі Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында Қазақстанның 10 өңірінде сумен қамтамасыз ету көрсеткіші 100%-ға дейін жеткенін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Үкіметке сілтеме жасап.

Бұл Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарының, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарының қалаларына қатысты.  Маңғыстау облысының ауылдық жерлерінде де сумен толық қамтуға қол жеткізілді. Қазіргі таңда елімізде ауыл тұрғындарының 97,5%-ы сумен қамтамасыз етілген. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрінің деректері бойынша, Қазақстанның ауылдық жерлерінде сумен жабдықтау қызметтеріне қол жеткізу деңгейі 97,5%-ға жетеді. Елдің 6 148 ауылының 5 679-ы суға қол жеткізе алады.

Ауылдардың көпшілігі – 4 420 (94,8%), орталықтандырылған жүйелерге қосылған, ал 999-да (2,6%) кешенді блок-модуль  орнатылған. Қалған 469 ауылда (халқы 164,7 мың адам) орталықтандырылған жүйелерге қосу немесе блок-модульдерді орнату жұмыстары республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен жүргізілуде.

Сонымен қатар  Ерсайын Нағаспаев Үкімет отырысында қалаларды ауызсумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады. Бүгінде қала тұрғындарын қамту деңгейі 99,3%-ды құрайды. Еліміздің 90 қаласының 73-і ауызсумен толық қамтамасыз етуге қол жеткізілді. Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды және Семей қалаларын қоса алғанда, қалған 17 қалада осы жылдың соңына дейін толық қамтамасыз етіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.