Бала арманын кім тыңдайды? Кішкентай жүрек сыры мен ішкі үнін кім қағаз бетіне түсіріп, оны мыңдаған оқырманға жеткізеді? Қазақ балалар баспасөзінің қара шаңырағы «Ұлан» газеті 95 жыл бойы осы миссияны атқарып келеді.
«Ұлан» – бала қиялының қанаты
629
оқылды

«Ұлан» – ұрпақтар үнін жал­ғай­­тын, баланың таным көкжие­гін кеңейтетін ұлағатты үнпарақ. Бір ғасырдың тұтас тарихын ар­қа­лаған басылымның ғұмыр­лы болуы – өткеннің өнегесі, бү­­­­гін­гі­нің мақтанышы. Бұл үн­парақ әлі талай буынға үміт пен сенім сый­лап, олардың қанатын қатай­татын серігі болып қала береді.

Биыл – еліміздегі балалар журналистикасы мен әде­биеті үшін торқалы той. Се­бебі сонау Кеңес заманы тұсы­нан бастап ұлтпен бірге жасасып ке­ле жатқан руханияттың шам­шы­рағы – «Ұлан» газетінің оқыр­­­­манға жол тартқанына ба­қан­дай 95 жыл. Ғұмыры бір ға­сыр­ға татитын басылым осы уа­қыт аралығында талай бала­ның қиялына қанат бітіріп, өмір­де өз жолын табуына ықпал етті. «Журналист болсам» деген ба­ла арманның шындыққа ай­на­луына, шығармашылық са­ла­да кіл мықтылардан тәжірибесін шың­дап, қаламын ұштауға ба­ғыт берген басылым. Бүгінде га­зет қазақ қоғамының «қай­мақ­тары» тәлім алған ұстаханаға айналды. 

Газет тарихында Сансызбай Сар­ғасқаев, Кемел Тоқаев, Әбіл­­­­файыз Ыдырысов, Фариза Оң­ғар­сынова, Сейдахмет Бер­ді­құлов, Бейбіт Қойшыбаев, Ға­лым Доскен, Сұлтан Қалиұлы, Есей Жеңісұлы, Бағдат Мәжи­тов, Жұлдыз Әбділда сынды ақын-жазушылар мен журна­лис­тер бас редактор қызметін ат­қарған. 

«Менің атым Қожа» фильмінің алғашқы сценарийі «Ұланда» жарияланған

Бүгінде газет ұжымы мектеп оқу­шыларынан келіп түскен әр­бір материалды сыни тұрғыда са­­­раптап қана қоймай, әрбір ба­ламен өз тілінде сөйлесе білу­ге, сондай-ақ оқырманының бойы­на жақсы қасиеттерді сіңі­руге ұмтылады. 2018 жылы та­ри­хи басылымның бас редакторы қыз­метіне келген Жадыра Нар­ма­ханова бізге газеттің өткені мен бүгіні, қазіргі балалар нені кө­бірек оқитыны туралы баян­дап берді. 

– Басылым алғашында Кеңес заманындағы балаларға арнал­ған үгіт-насихат құралы ретінде жа­рық көрді. Қазіргі жас автор­лар­дың бір-бірімен достығы, бір­лігі, оқырманға өзінің заман­дас­тарын үлгі етіп көрсетуі – сол ке­зеңнен бері жалғасын тауып ке­ле жатқан үрдіс. Газеттің сол жыл­дардағы нөмірлерін ақта­рып қарасақ, Кеңес Одағы тұ­сын­да еңбек еткен балаларды кө­бірек насихаттаған екен. Се­бебі сол заманда балалар мек­теп­тен тыс әртүрлі қоғамдық жұ­­­­­мыстарға араласқан. Сондай-ақ әр жылдары басшылық еткен ба­сылым редакторларының ерек­ше қолтаңбасы болды. Мы­салы, Әбілфайыз Ыдырысов бас ре­дактор қызметін атқарған уа­қыт­­та газеттің дизайнына ерек­ше мән берген. Тіпті, қазір басылып шыққан газет-жур­нал­дар­дың кө­рінісі сол жылдардың дизай­ны­на ілесе алмауы мүмкін. Тағы бір қы­зықты дерек, «Менің атым Қо­жа» көркем фильмінің алғашқы сценарий нұсқасы фильм ретін­де таспаланбастан бұрын «Ұлан» газетіне жарияланып, әрі қарай тал­қыға түскен екен. Кезінде «Қа­­зақстан пионері» деген атау­мен шығып тұрған уақытта га­зеттің таралымы 250-300 мыңға дейін жеткен. Ал қазіргі «Ұлан» газеті қандай тақырыптарды жиі көтереді десеңіз, біз өзінің жеке қызығушылығын әрі қарай да­мытқан, кәсібін табыс көзіне ай­налдырған қабілетті бала­лар­ды жиі насихаттаймыз, – деді ол.

«ЖИ-мен емес, мимен жаз»

Қазір басылымда жариялан­ған мақалаларды парақтап оты­рып жаратылыстану бағытын­да­ғы материалдарға газет бетінен жиі орын берілетінін байқауға бо­лады. Себебі осы салада ізде­не­тін жастар да, оған ерекше ден қоя­тын оқырман деңгейі де өс­кен. Бас редактор да өзекті әрі за­манауи бағыттағы тақы­рып­тарға басымдық берілетінін алға тартты. 

– Біз IT саласы бойынша же­­­­тістікке жеткен жастар және ше­телде білім алу, тағылым­да­ма­дан өту туралы көбірек ақ­па­рат беруге тырысамыз. «Мен таң­даған мамандық» айдары бойынша елімізде және әлемде қан­дай мамандықтар бар және олар қай университеттерде оқы­ты­латыны туралы материалдар жа­­риялаймыз. Бұл тұста біз сұ­ра­­­­­нысқа ие әрі жоғары табыс та­­­буға мүмкіндігі бар маман­дық­тарды таныстырып отыра­мыз. Себебі қазіргі балалар қан­дай мамандық болмасын ең біріншіден оны материалдық тұрғыда бағалайды, қызметтің та­быс көрсеткішін сұрайды.

Қазіргі «Ұлан» газеті әлеу­мет­тік желіні белсенді жүргізеді. Инс­таграмдағы сторисімізде «ЖИ-мен емес, мимен жаз» де­ген тақырыпшамен жиі ескертпе жа­риялап отырамыз. Өйткені қа­зір ЖИ-дің көмегімен мақала жа­зып жіберетін балалар да кез­деседі, бірақ біз олардың мұндай әре­кетін бірден танимыз. Ра­сын­да, жаңа технологияның да­муы жазу процесіне, шығар­ма­шылыққа әсер ете бастады. Біз баланың жазу қабілетіне көз жет­кізгеннен кейін ғана оны сұх­баттарға жібере бастаймыз. Жас авторлардың өздері қалаған кейіпкерлерінен сұхбат алуға мүм­кіндігі бар, – деді бас редак­тор Ж.Нармаханова.

«Ұланнан» түлеп ұшқандар кім­дер? Олардың газеттегі «ең ал­­ғашқы жетістік» пен «ең ал­ғаш­қы сын» естелігі қандай? Ба­сылымның бүгінгі жас тілші­лері қандай тақырыптарда қалам тер­беп жүр? Таяуда біз басы­лым­ның мұрағатын ақтарып оты­рып, бала кезінде «Ұланға» ма­териалдарын жиі жолдаған «мәң­гі жас тілшілермен» байла­ныс орнаттық. Онымен қоса, тұ­тас бір тарихты артқа тастаған ба­сылымның бүгінгі тыныс-тір­шілігіне шолу жасап, газетке тұ­рақты түрде мақала жазып жүр­ген қазіргі буынның жас тіл­ші­лерін де әңгімеге тарттық.

«Ұлан» арманға жету жолында берілмеуді үйретті»

Газетке жастайынан қалам тербеген жас тілшілердің алды қазір республикалық, ха­лық­­­аралық медиаларда жур­на­лист ретінде белсенді қызмет ат­­­­қарып келеді. Олардың жур­на­листиканың белгілі бір сала­сы­на бейімделуіне де басылым­ның ықпалы орасан. Қазіргі уа­қытта журналистік ізденісімен ғана емес, әлемнің әр нүктесінде өт­кен сапарынан ақпараттық-танымдық контент әзірлей бі­ле­тін Руслан Меделбектің есімі бү­гінгі оқырманға жақсы таныс. Оның спорт журналистикасына ба­ғыт алуына да әуелгіде «Ұлан» га­зеті әсер еткен. 

– Ең алғаш 5-сынып оқып жүр­ген уақытта мақаламды кон­вертке салып, ауыл поштасы ар­қылы «Ұлан» газетіне жол­дай­тын­мын. Бастапқыда көбі га­зет­ке жарай бермеді. Бір күні 5-сы­нып­та қолмен жазған ха­тым газетте «Кел, танысайық!» деген ай­дармен шықты. Хатта жасым 10-да деп көрсетілгенімен, га­зет­ке 16 жас деп жарияланыпты. Бір қызығы, содан кейін 10 жа­сым­да маған 9-10 сыныптың оқу­шылары хат жаза бастады. Бүгінге дейін олардың кейбірі­мен әлеуметтік желіде байланы­сы­мыз үзілген жоқ. Газеттегі ең ал­ғашқы материалым 7-сынып оқу­шысы кезімде Грекияның ас­танасы Афина қаласында өте­тін Олимпиада ойындарының қар­саңында жазған «Спортшы­лар­ға сәт сапар!» атты шағын жаз­ба ретінде жарық көрген. Сол жазба шыққан уақытта үйге сүйін­шілеп барғаным есімде. Ма­қаламды поштаға апарған уа­қытта қызметкерлер: «Мына ха­тыңның салмағы артып кетті, ақы­сын төлеу қажет. Қазір жол­дан қайтарып жібереді», – деді. Сол жылдары бір конверттің өзі 35 теңге тұрушы еді. Ауылды жер­­де бұл ақшаның өзін табу оңай шаруа емес еді ғой. Соны­мен, дәптердің парағына мақа­ла­ны қолмен әдемілеп жазуға ты­рысып, 35 теңгеге сатып ал­ған конвертке бірнеше хатымды салып жібердім, – деп еске алды Руслан Меделбек.

Газеттің жас тілшісі сол жыл­дары пошта қызметі әл­сіз болғанын айта отырып, кей­де қоғамдағы үлкендердің сал­ғырттығы бала арманының орындалуына тосқауыл болаты­нын түйреп өтті. 

– «Ұлан» газеті маған арман­дау­ды және сол арманға жету жо­­лында берілмеуді үйретті. Ба­ла кезімде газетке шықсам де­ген арманым болды, ал оны жү­зеге асыру үшін күнде жазу қа­жет екенін ұғындым. Редак­ция­ға жазған хаттарыма Сұлтан Қа­ли­ұлы, Бағдат Мәжитов аға­лары­мыз кері байланыс беретін. Ма­­қа­лам газетке шықпаса да қай­­та-қайта жібере бердім. Га­зет­ке спорт тақырыбында, со­ның ішінде футбол, әлем чем­пио­наты, Олимпиада ойындары ту­ра­лы көп жаздым. Бір күні жаз­­ған мақаламның барлығы ап­та сайын бірінен кейін бірі шы­­ға бастады. Сол кездері пош­та­ның қыз­мет көрсету сапасы ақ­сап тұр­ды. Бала болған соң ша­расыз күйде қаласың. Апта­лап күткен га­зеттің кейбір нө­мірі келмей қал­ған сәттерде пош­таға бара­тын­мын. Бірақ пош­тадағы қыз­мет­керлер «газет кел­мей қалды» деп мұны қалып­ты жағдай ретін­де қарайды, – деді журналист, саяхатшы Р. Меделбек.

«Ұлан» бізге ізденісті үйретті»

«Ұланнан» түлеп ұшқан­дар­дың арасында есімі жиі аталатын авторлардың бірі – Данияр Жі­гіт­бек. Копирайтер, IT маманы ба­сылымдағы ең алғашқы шы­ғар­машылық жолын өлең жазу­дан бастаған. Бүгінде бірнеше ав­торлық кітабын жарыққа шы­ғарған әрі подкаст алаңда­ры­нан жиі көрінетін ол әлеуметтік же­ліде тұрақты оқырманын қа­лыптастырған.

– «Ұлан» газетіне алғашқы тыр­нақалды өлеңдерімді 6-сы­нып­та жібердім. Алайда өлең­де­рім басылым бетіне бірден шыға қой­мады. Діттеген мақсатым – өлеңімнің газет бетінде жарық көруі еді. Бірақ ол мақсатыма бір жылдан кейін жеттім. «Ұлан­ның» жеке тұлға ретінде қалып­та­суға зор ықпал еткен тұсы – шы­ғармашық табандылықты, екіншіден, ізденісті үйретті деп ойлаймын. Сондықтан газетке ал­ғысым зор. Өзге тілшілердің га­зетте жарық көрген туын­дыла­рын оқығаннан кейін «осылай да жазуға болады екен ғой, мен де мұны жасай аламын» деген мақ­сат пайда болады. Сосын мақ­сатыма сәйкес ізденіс пайда бо­лады. Басылым даму бағытын ай­қындап берді. Себебі сол ке­зеңде түрлі үйірмелерге қатыс­тым деп айта алмаймын. Қазіргі за­мандағыдай дамудың түрлі ба­ғыттары бізге беймәлім бол­ды. Басылым сол бір даму деген әлем­ге есік ашып бергендей еді. Бозбала шағымды пайдалы өт­кізуіме бірден-бір себепкер – «Ұлан» газеті деп айта аламын, – деді Данияр Жігітбек.

Басылымда кезінде «Сая­сат» деген айдардың бол­­­­ғанын білесіз бе? Сол жылдары га­зет­тің бас редакторы міндетін ат­қарған Сұлтан Қалиұлына осын­дай айдарды ашу туралы қол­қа салған да жас тілші Да­нияр еді. «Ізденудің нәти­же­сін­де, айдарға арнап Қазақстан жә­не Ресей, Қазақстан және Қы­тай, Қазақстан және АҚШ сын­ды мақалалар жаздым. Сая­си тақырыптар негізінде басқа га­зеттерден алынған мәлімет­тер­ге анализ жасадық», – деді ол.

– «Ұлан» газетіндегі ал­ғаш­қы сын мен жетістік бір-бірімен қа­­бысып жатыр. Ең алғаш өлең­де­рімді А4 форматтағы қағазға 14 бет көлемінде жазып, редак­тор Сұлтан Қалиұлының алдына алып бардым. Ол 14 беттің бар­лы­ғын ерінбей тексеріп, ши­май­лап шықты. Осыдан кейін ре­дакциядан шығып, автобуста ба­сым салбырап қайтқаны есім­де. Себебі қызыл шимай-шатпақ ма­ған ауыр болып тиді. «Мен өлең жаза алмаймын, өлең – ме­ні­кі емес екен» деп ойладым. Бұл жағдай мен үшін сабақ бол­ды. Біраздан кейін есімді жиған соң поэзия кітаптарды ақтарып, өлең оқи бастадым. Алғашқы сын – маған өлеңді қалай жазу қа­жет екенін үйретті. Осыған дейін өлең деп жүргенім, шын мә­нінде, өлең емес екенін тү­сі­ніп, жаңа ізденіс жолына түстім. Бір жылдан кейін газет бетінде Сұлтан Қалиұлының сынынан өткен өлеңдерім жарық көре бас­тады. Содан бері қандай өлең жі­берсем де, редакциядан басы­лып шығатын болды. Осының ар­қасында мен сенімділікке ие бол­дым. Республикалық Абай оқуларында өлең жазу бойынша 3-орын, Алматы қаласында өт­кен мүшәйраларда 1-орын ал­дым. Сұлтан ағайдың «Данияр үл­кен ақындардан кем жаз­бай­ды» деген сөзі есімде сақталып қал­ды. Бұл – жетістік. Бірақ сын­нан кейін келген жетістік, – деп сөзін түйіндеді копи­рай­тер, IT маманы Д.Жігітбек.

«Сөзімнің қадірлі бола алатынын ұғындырды»

Араға жылдар салып басы­лым­ның даму бағыты да бірқа­тар өзгерісті бастан кешті. Мұны га­зеттің бүгінгі жас тілшілері кө­­теріп жүрген тақырыптар мен олардың жазу стилінен аңғаруға бо­лады. Цифрлық дәуір үстемдік етіп тұрған заманда басылым тарихында мұндай өзгерістердің болуы да заңдылық. Қазіргі ке­зеңде «Ұлан» газетіне жиі қалам те­р­беп жүрген ең жас автор 8-сы­­­ныпта оқиды. Мейірлі Қай­сар­­қызы басылыммен ең алғаш қазақ әдебиеті сабағында таныс­қан. «Дәл сол сәттен бастап «Ұлан» – тек газет емес, санамды оят­қан, қаламыма қанат бітірген ал­ғашқы шын жанашырыма ай­налды», – деп бастады әңгімесін белсенді автор.

– «Ұланмен» дос болғалы бе­­рі мен өзіме рухани орта, ша­быт сый­лар достар таптым. Өзім се­кіл­ді жас қаламгерлердің жан сы­­рын бөлісіп, сөз арқылы биі­к­ке ұм­тылғанын көргенде, мен де олар сияқты болғым келді. Бұл ба­­сылым – тек жазатындар емес, жүрегімен сезінетіндер жи­­­­­налған үлкен отбасы дер едім. Мұн­­да әрбір жас қаламгер – үлгі, әрбір мақала – мотивация. «Ұлан» маған орта сыйлады. 

Бұл – ой бөлісетін, пікір алмаса­тын, бірге өсетін, бірге өрлейтін нағыз дос-жаранның мекені. Со­­нымен қатар өз ойымды ашық айтуға, пікірімді елге бө­лісу­ге жол ашты. Ең бастысы, ба­сы­лым менің де үнімнің ес­ті­ле­­тінін, сөзімнің қадірлі бола ала­­тынын ұғындырды. Алдағы уа­­қытта «Ұлан» газетіне жасөс­пі­рі­мдер психологиясы, циф­р­лық қауіпсіздік, білім мен тәр­бие, экология және еріктілер мә­­дениеті туралы мақалалар жаз­­ғым келеді. Бұл тақырыптар бү­­гінгі қоғам үшін аса маңызды. Се­­бебі әрқайсысы біздің бола­ша­ғымызға әсер етеді және за­ман­дастарымды ойландырып, әре­­кетке жетелей алады деп ой­­­­­­­­­лаймын, – деді Мейірлі.

«Сүйікті бағытым – сторителлинг»

«Ұланның» бүгінгі буыны­ның қатарында жас тілші Әбді­рах­ман Қайрат та бар. Қоғамдық іс-шаралардағы белсенділігі мен ізденісі арқылы көзге түскен Әб­­дірахман қазір 10-сыныпта оқи­­ды. Былтыр желтоқсан айын­да «Жас тілші» куәлігін ие­лен­ді. Талапты жас газетте сто­ри­теллинг бағытындағы мақала­лар жазғанды ұнатады. 

– Менің сүйікті бағытым – сто­­рителлинг. Барғанымды, көр­­­­­генімді, сезгенімді жазу – мен үшін ерекше бақыт сыйлайды. 2024 жылы жарияланған ма­те­риалдарымның басым бөлігі осы ба­­ғытта жазылған екен. Биыл ақ­параттық, танымдық бағытта мақалалар жазуға ден қойдым. Алдағы уақытта қоғамның ішкі ты­нысын баяндайтын мақала­лар­ды көбірек жазсам деймін. Ме­ні қоғамдағы оңсыз өзгеріс­тер алаңдатады. Дәлірек айтсам, ж­а­сөспірімдер арасындағы мә­се­лелер, буллинг және т.б. Әри­не, бұл тақырыптарда материал жазу үшін мәселені жан-жақты зерт­­теп, іздену қажет. «Ұлан» ме­нің жазу стилімді қалып­тас­ты­руға септігін тигізді, әлі де кө­мектесіп келеді. Бұл басылым – дамушы ор­та, қайталанбас сәттер. Редак­циядағы әр жанның қолдауының орны бөлек, – деді жас тілші Әбдірах­ман.

«Ұлан» – ұрпақтар үнін жал­ғай­­тын, баланың таным көкжие­гін кеңейтетін ұлағатты үнпарақ. Бір ғасырдың тұтас тарихын ар­қа­лаған басылымның ғұмыр­лы болуы – өткеннің өнегесі, бү­­­­гін­гі­нің мақтанышы. Бұл үн­парақ әлі талай буынға үміт пен сенім сый­лап, олардың қанатын қатай­татын серігі болып қала береді.

 

Алтынай БАУЫРЖАНҚЫЗЫ, Алматы қаласы