Бұл іс – мемлекеттің стратегиялық активтерін қорғауға бағытталған нақты қадамдардың бірі.
4,3 миллиард теңгені жымқырғандар жауапқа тартылды
istockphoto.com
850
оқылды

Қаржылық мониторинг агенттігі ірі қылмыстық істі әшкерелеп, «Таразэнергоцентр» акционерлік қоғамының 100% акциясын мемлекет меншігіне қайтарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

Тергеу барысында белгілі болғандай, ұйымдасқан қылмыстық топ энергия секторы арқылы заңсыз пайда табуды көздеген.

Қылмыскерлер мемлекетке 4,3 миллиард теңге көлемінде залал келтіріп, бұл қаражатты өз бақылауындағы компаниялар арқылы қолма-қол ақшаға айналдырып, заңдастырған. Сот үкімімен аталған іске қатысы бар сегіз адам 3 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Бұл іс  мемлекеттің стратегиялық активтерін қорғауға бағытталған нақты қадамдардың бірі. Енді «Таразэнергоцентр» халық мүддесіне жұмыс істеуге қайта бағытталады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз