Әнші жұп Бүркіт пен Аишаның шаңырағында – қуаныш. Олар кішкентай қызы Латифаны қырқынан шығарды, – деп хабарлайды Аikyn.kz сайты. Бүркіт бұл туралы өзінің Instagram парақшасында жариялады.
Сәбидің дүниеге келгеніне 40 күн толуына орай жайылған дастарқанға отбасының ет жақындары жиналған. Олар сәбиге тілек айтып, қырық қасық суын құйды.
"Кішкентай ханшайымым! Ең бастысы – денсаулығың мықты болсын. Алла әлемдегі ең бақытты адамдардың қатарына қоссын сені, құлыншағым! Тілден, көзден сақтай көр, Алла! Сен біздің кішкентай ханшайымымызсың", – деп жазды ол.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Тілекке желі қолданушылары да қосылды.
Айта кетсек, Бүркіт пен Аишаның үйленгендеріне биыл – 15 жыл. Олардың төрт баласы бар. Есімдері – Омар, Зейін, Сафия, Латифа.