Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.
Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді
Фото: ҰОК
496
оқылды

4-10 шілде аралығында Астанада ауыр атлетикадан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Aikyn.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап. 

Федерация баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жарысқа 27 елден 450-ден астам спортшы қатысады.

Қазақстан құрамасы сапында 36 жас зілтемірші өнер көрсетеді. Құраманың нақты тізімі кейін жарияланады.

Жүлделер U17 және U20 жас санаттары бойынша сарапқа салынады.

Жарыстар Qazaqstan жеңіл атлетикалық спорт кешенінде өтеді.