Компания Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленісуіне байланысты бірқатар рейстерді тоқтату туралы шешім қабылдаған.
Air Astana компаниясы бүгін қандай рейстер ұшпайтынын мәлімдеді
Фото: gov.kz
732
оқылды

Air Astana Таяу Шығысқа рейстерді тоқтату туралы ресми сайтында жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 24 маусымда мынадай рейстерді тоқтатады:

  • KC205/206/Астана-Дубай-Астана;
  • KC897/898/Алматы-Дубай-Алматы;
  • KC551/552/Шымкент-Доха-Шымкент.

Орындалмаған рейстердің жолаушыларына ақысыз қайта брондау немесе билетінің құнын толық қайтару ұсынылады.

Air Astana әуе компаниясы жағдайды мұқият қадағалайды және одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды.

Байланыс үшін 24/7:

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.