Бүгін Тараз қаласындағы бес қабатты тұрғын үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің балконы өртенген, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен ТЖМ құтқарушылары 11 адамды қауіпсіз жерге эвакуациялап, өртті 20 минут ішінде сөндірді.
Өрттің аумағы шамамен 20 шаршы метрді құрады. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда.