Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қаржыландыру 264 млрд теңгеден 575,4 млрд теңгеге дейін артқан.
Қазақстанда балаларға медициналық көмекті қаржыландыру 2 есе өсті
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі
413
оқылды

Қазақстан-ОА-дағы балаларға туғаннан бастап кардиохирургия қолжетімді болатын жалғыз ел. 2024 жылы дәрігерлер ашық жүрекке 1 700-ден астам операция, оның 809-ы 1 жасқа дейінгі сәбилерге жасады.

Қазіргі заманғы технологиялар мен неонаталдық реанимацияның дамуының арқасында дене салмағы өте төмен балалардың өмір сүру деңгейі 4 есе өсті. 2026 жылдан бастап I-III дәрежелі есту қабілеті нашар балалар жергілікті бюджеттің есебінен есту аппараттары мен аудио процессорларды алады.

Онкогематологиялық көмекті дамыту:

- жыл сайын 5 мың бала ем алады

- шетелде балаларды емдеуге жолдама 2 есе азайды (мұндай көмек Қазақстанда қолжетімді)

- балалардың қатерлі ісіктері кезінде жалпы өмір сүру деңгейі 75%-дан асты

 Шұғыл көмек көрсету:

- Санавиация орталығы ауыр асқынулары мен жарақаттары бар 3 мыңнан астам әйел мен балаға қызмет көрсетті

- 2024 жылы медавиацияның мобильдік бригадалары 750-ден астам ұшуды (жүкті әйелдер – 165, балалар – 588) орындады, 647 бала мен 127 жүкті әйел тасымалданды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.