Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұржол бульвары бойында жөндеу жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Осыған байланысты 21-22 маусым аралығында жол қозғалысында шектеулер болады: алдымен Мәңгілік Ел даңғылынан Түркістан көшесіне дейін, сосын Түркістан көшесінен Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі учаске толық жабылады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден өз бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.