Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді.
Израиль мен Ираннан тағы 144 Қазақстан азаматы эвакуацияланды
410
оқылды

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі үйлестірілген эвакуациялық  шаралар шеңберінде Израильден 66 отандасты (Мысыр аумағы арқылы), Ираннан 78 азаматты (Армения арқылы – 73, Әзербайжан – 2, Түрікменстан – 3) шығарды,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Иран және Израильдегі қазақстандық дипломаттар өз азаматтарына қажетті консулдық-құқықтық көмекті қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруда.

ҚР СІМ Израиль, Мысыр және Армения билігіне өз ризашылығын білдіреді, сондай-ақ қазақстандықтарды эвакуациялауға қолдау көрсетіп жүрген ирандық, әзербайжан және түрікмен әріптестеріне қайта алғыс айтады. Бірлескен күш-жігердің арқасында азаматтарымыз үйлеріне аман-есен оралуға мүмкіндік алуда.