2026 жылғы 1 маусымға дейін тауар-көлік жүк құжаттары мен жол парақтарын көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде (КҚББЖ) міндетті тіркеу тоқтатылды.
Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесінде міндетті тіркеу уақытша тоқтады
Фото: gov.kz
383
оқылды

Көлік министрлігі «Жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау қағидаларын бекіту туралы «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 30 сәуірдегі №546 бұйрығының кейбір құрылымдық элементтерінің іс-қимылын тоқтата тұру туралы» бұйрығының жобасын әзірлеп, бекітті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Осы бұйрық 2026 жылғы 1 маусымға дейін техникалық рұқсат етілген ең жоғары салмағы 3,5 тоннадан асатын жүк автокөлік құралына қағаз тасығышта ресімделген жол парақтары мен тауар-көлік жүкқұжаттарын КҚББЖ-да міндетті тіркеу жөніндегі норманы тоқтата тұруды көздейді.

Көлік құжаттарын басқарудың бірыңғай жүйесі – автомобиль көлігі саласындағы тасымалдау қызметіне байланысты құжаттарды тіркеуді, есепке алуды, өңдеуді және сақтауды және осындай құжаттар туралы ресімделген ақпаратты тиісті уәкілетті мемлекеттік органдарға және тасымалдау процесіне қатысушыларға беруді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйе.

Бұйрық қатысты мемлекеттік органдармен келісілді, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу рәсімі аяқталды. Бұл шара нарыққа қатысушылар үшін қолайлы жағдайлар жасауға және жүйеге тиісті пысықтаулар жүргізуге бағытталған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.