Мемлекет басшысы бүгін Астананың әлеуметтік нысандарын аралау барысында «Дәулет» теннис орталығына барып, жас спортшылармен жүздесті.
Президент елордадағы балалар ең көп баратын әлеуметтік-спорттық нысанға барды
Фото: akorda.kz
798
оқылды

Елорда нысандарын аралау барысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Дәулет» теннис орталығының қызметімен танысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.

Кешенде 600 бала, олардың ішінде 85 оқушы бюджет есебінен жаттығады. Сондай-ақ мұнда 57 спорттық-сауықтыру тобы жұмыс істейді.

«Дәулет» орталығы – елордадағы балалар ең көп баратын, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар спортшыларды да қамтитын әлеуметтік-спорттық нысандардың бірі. Биыл мамыр айында орталық базасында Азия құрлығында алғаш рет Virtus World Tennis Championship 2025 – ақыл-ой кемістігі бар спортшылар арасында теннистен әлем біріншілігі өтті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.