Қайрат Садықов Қорғаныс министрінің орынбасары – Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының өкімімен Қайрат Әнуарбекұлы Садықов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары – Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.