Кәмелетке толмағандарды интернеттегі зиянды контенттен қорғау мақсатында елімізде балаларға арналған SIM-карта пайда болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Алматы қалалық прокуратурасына сілтеме жасап.
SIM KIDS деп аталатын жоба ұялы байланыс операторларымен бірлесіп әзірленген. Жаңа SIM-карта зиянды сайттар мен контентті автоматты түрде бұғаттайды.
Картаның басты артықшылықтарының бірі — ата-аналар баласының телефоны дыбыссыз режимде болса да, байланыс орната алады. Сонымен қатар: сабақтағы белсенділігін бақылауға; орналасқан жерін анықтауға; қауіп төнген жағдайда жедел хабарлама алуға мүмкіндік береді. SIM KIDS картасын кез келген адам сатып алып, қолдана алады екен.
Бұл бастама балалардың интернеттегі қауіпсіздігін бақылау мүмкіндіктерін кеңейтіп, ата-аналарға цифрлық кеңістікте балаларын қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.