Желі қолданушылары өнер иесін қуанышымен құттықтап жатыр.
Әнші Өмірқұл Айниязов сүйінші жаңалығын жеткізді
Фото: YouTube
6,208
оқылды

Әнші Өмірқұл Айниязов немерелі болғанын айтты, – деп жазды Aikyn.kz. 

Бұл туралы әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Ал ағайын. Сүйінші. Қос батырым енді аға болды. Алланың қалауымен тағы ата-әже атандық. Айкөркем қызымыз қош келдің", - деді әнші.

Желі қолданушылары өнер иесін қуанышымен құттықтап жатыр.

«Кішкентайдың бауы берік болсын», «Бәрекелді, құтты болсын!», «Бауы берік болсын, немере қызыңыздың жасы ұзақ болсын!», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.