Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматының 2026-2030 жылдарға арналған ұзақ мерзімді даму стратегиясын әзірлеу қажет деп санайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан «Орталық Азия – Қытай» ІІ саммитінде сөйлеген сөзінде айтты.
Президенттің пікірінше, бүгінгі Саммит елдеріміздің тату көршілік қатынасты, өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және орнықты дамуға мүдделі екенін растады. Мемлекет басшысы жиын барысында айтылған ұсыныстар мәңгі достық пен стратегиялық серіктестікке берік негіз қалайтынына сенім білдірді. Сондай-ақ ортақ күш-жігер жұмылдырудың нәтижесінде «Орталық Азия – Қытай» форматын институттандыру ісі табысты жүзеге асқанын атап өтті.