Сыр өңіріне жұмыс сапарымен келген Парламент Мәжілісінің депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Мархабат Жайымбетов пен Абзал Құспан Қызылорда қаласындағы бірқатар әлеуметтік нысандардың жұмысымен танысты.
Әлеуметтік нысандарды аралап көрді
169
оқылды

Халық қалаулылары алдымен қайта жаңғыртудан өткен қала­лық мәдени-демалыс паркінің жұ­мысын көрді. Мұнан соң сол жағалауда жаңадан бой көтерген 11 мың орындық жаңа заманауи үлгідегі стадионның құрылысы­мен танысып, жаңадан ашылған об­лыстық тарихи-өлкетану мұра­жайы, Оқушылар сарайы, Фи­зи­ка-математика бағытын­дағы мек­теп-интернаты, Үстел теннисі ор­талығы, Қазанғап атындағы му­зыкалық колледж және «Сыр жұл­дыздары» инновациялық-шы­ғармашылық академиясының жұ­мысын көрді. 

Нысандарға тоқталып өтсек, 6 гектарға жуық аумақты қам­ти­тын қалалық демалыс паркін қай­­та жөндеу жұмыстарына 6,3 млрд бө­лінген. Мұнда жаңа ат­трак­цион­­дар қойылып халықтың де­малуына барлық жағдай жасалған. Стадионға келсек, жаңа спорт ны­саны тек футбол алаңымен шек­­телмейді. Мұнда бокс, күрес, спорттық гимнастика, ауыр атле­тика, таеквондо және фитнеске арналған арнайы залдар қарас­тырылған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жа­тыр. Заманауи талаптарға сай са­­­­­лынып жатқан нысан жыл соңы­­на дейін пайдалануға бері­ле­ді деп күтілуде.

Ал қасиетті Сыр өңірінің баға жет­пес тарихи-мәдени мұрасын сақтау және кеңінен насихаттау мақ­сатындағы жаңа музей сан­дық және мультимедиялық тех­нологиялармен жабдықталған. Музейдің 85 жылдық тарихында алғаш рет типтік ғимарат қор сақ­тау қоймаларымен жабдық­тал­ған. Қазіргі уақытта музей қо­рын­­да 67 613 экспонат сақталған. Музейдің жаңа экспозиция­ла­рын­­да аймақтың флорасы мен фау­насы, палеонтология, архео­ло­гия және этнография, Қызыл­орда облысының экономикалық және әлеуметтік-мәдени дамуы көр­сетіледі. 11 залдан тұратын мұ­ра­­жайдың тақырыптық құры­лымы, жабдықтары мен безен­ді­рілуі жасанды интеллект эле­мент­терін қолдана отырып, 3D мо­дельде жасалған.

350 орынға арналған Оқу­шы­лар сарайы заманауи үлгіде бой көтерген. Көпфункционалды ке­­­­шенде техноорталық, робо­то­техника және өнеркәсіптік ди­зайн сыныптары бар. Оқушылар экологиялық зертхана, жылыжай, телестудия және шығармашылық үйірмелерінде де білімдерін же­тіл­­діруде. Ал үстел теннисі орта­лы­ғын салуға облыстық бюджет­тен 2,5 млрд теңге және Samruk Kazyna Trust әлеуметтік жоба­лар­ды дамыту қорынан 900 млн тең­ге қаржы бөлінген. Орталықта 16 үс­­­тел теннисі орналасқан ойын алаңы, 350 көрерменге ар­нал­ған орын­дар, жаттығу залы мен әкім­ші­лік бөлмелер бар. Мұн­­да 31 қыз­­меткер жұмыс жа­сау­да.

Қазанғап атындағы Қызыл­ор­да музыкалық жоғары колледжі Сыр топырағында ұрпақтан ұр­пақ­­қа жалғасқан мәдени мұра­ның, ұлттық өнердің кемелденуі­не зор үлес қосып келеді. Бүгінге дейін оқу орны талапқа сай кел­мей­тін ескі ғимаратта қиын­дық­тар­ға қарамастан, жастарға білім беріп, өнерге баулыған. Жаңа ғи­­м­аратта студенттерге барлық жағ­дай жасалған. Үлкен концерт, би залдары, хор бөлмесі бар. 

Кең музыкалық пәндік каби­нет­тер жаңа заманауи құрал-жаб­дықтармен қамтылған. Ма­те­риал­­дық-техникалық базасы за­ман талабына сай келетін 200 орын­­­дық жатақхана шалғай елді ме­­кеннен келген жас өрендерді қа­былдауға дайын. 

«Сыр жұлдыздары» шы­ғар­ма­шылық-инновациялық академия бір мезетте 500 оқушы, тәулігіне 3 мың оқушыға дейін қабылдайды. Мұн­да бассейн, топтық жаттығу бөл­месі, көркем гимнастика жә­не фитнес залы орналасқан. Сон­дай-ақ үстел ойындарына арнал­ған кабинет, жекпе-жек, үстел тен­нисі залдары бар. Барлық зал­­да ұлдар мен қыздарға арнал­ған жеке-жеке киім ауыстыру бөл­мелері қарастырылған. Көр­кем­­дік-эстетикалық бағытта кес­кін­деме, сурет салу, резин-арт бөл­­месі, балалар шығармашылы­ғы шеберханасы, сәндік-қолдан­балы өнер, FabLab, дыбыс жазу сту­диясы, робототехника және жа­­санды интеллект, биотехно­ло­гия, 3D модельдеу, КИП және ав­­­томаттандыру, киберспорт жә­не математика кабинеттері жұ­мыс істейді.

Әрбір әлеуметтік нысанның құ­ры­лысын көріп, жұмысымен та­­нысқан Мәжіліс депутаттары өңір­дегі атқарылып жатқан риза­шылықтарын білдіріп, алдағы жұмыстарға сәттілік тіледі.