Астана халықаралық әуежайы Астана қаласында жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілетінін ескертіп, шұғыл мәлімдеме жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Құрметті жолаушылар!
«Орталық Азия – Қытай» форумы өтуіне байланысты 16–18 маусым аралығында Астана қаласында жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізіледі.Әуежайдан Мәңгілік Ел даңғылына дейінгі (Қабанбай батыр көшесі бойымен) жолда қозғалыс қиындауы мүмкін. Мүмкін болатын шектеулерді ескере отырып, сапарыңызды алдын ала жоспарлауыңызды сұраймыз. Жолға ертерек шығуға және балама жолдарды пайдалануға кеңес береміз.Форум өткізу кезеңінде әуе рейстерінің кестесінде өзгерістер болуы мүмкін. Өз рейсіңіз туралы нақты ақпаратты авиакомпания өкілдерінен анықтай аласыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз! Сәт сапар!, - делінген әуежайдың хабарламасында.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.