Астана Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпиннің елімізге сапары және «Орталық Азия – Қытай» саммиті қарсаңында дайындық жұмыстарына кірісті. Бұл жайлы әлеуметтік желіде жарияланған видеодан көруге болады.
Ауқымды халықаралық іс-шара ертең басталады. Саммит аясында бірқатар екіжақты кездесу өтеді және маңызды құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.