17 маусымда Орталық Азия мемлекеттері басшыларының қатысуымен «Қытай – Орталық Азия» іскерлік кеңесінің екінші отырысы өтеді. Осыған байланысты бірнеше көше жабылады. Олар:
Елорда әкімдігінің хабарлауынша, 16-18 маусым аралығында мына көшелер жабылады:
- Қабанбай батыр даңғылы (Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайынан бастап Мәңгілік Ел даңғылына дейін);
- Мәңгілік Ел даңғылы (Қабанбай батыр даңғылынан Д.Қонаев көшесіне дейін);
- Қонаев көшесі (Қабанбай батыр даңғылына дейінгі аралық);
- Қабанбай батыр даңғылы (Қорғалжын тасжолына дейінгі бөлігі).
Ал 17 маусымда келесі көшелерде көлік қозғалысы уақытша шектеледі:
- Керей-Жәнібек хандар көшесі (Мәңгілік Ел даңғылынан бастап Шерхан Мұртаза көшесіне дейін);
- Тәуелсіздік даңғылы (Керей-Жәнібек хандар көшесінен А.Байтұрсынұлы көшесіне дейін).
Сондай-ақ 17 маусымда сағат 14:00-ден 20:30-ға дейін Бейбітшілік және келісім сарайы маңындағы Қ.Аманжолов және Ж.Нәжімеденов көшелерінде де қозғалыс уақытша шектеледі.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жол қозғалысында болатын өзгерістерді ескере отырып, бағытын алдын ала жоспарлағаны жөн», – деп ескертеді әкімдік.
Айта кетсек, осыған дейін ҚХР төрағасының Қазақстанға ресми сапармен келетіні туралы хабарлаған болатынбыз.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.