14 маусымда Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың «Күй» повесі негізінде сахналанған драмалық қойылымның премьерасы болды.
Астанада «Күй» спектаклінің премьерасы өтті
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі
450
оқылды

Спектакльді Қалибек Қуанышбаев Қазақ ұлттық музыкалық драма театры қойды.

Көрнекті қаламгердің терең философиялық туындысы театр сахнасында ерекше интерпретациямен көрерменге жол тартты.

Қойылым театрдың халық аспаптар ансамблінің сүйемелдеуімен өтті.

Туындыда басты кейіпкер Жөнейіт ыза-кекпен арпалысып, жан азабын тартады. Билік пен ар арасындағы тартыс та сахнада шебер суреттеледі.

Қойылым көрерменге терең ой салып, ұлттық өнердің құдіретін сезіндіріп, ерекше әсер сыйлады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.